Это интересно!
Loading...
Самые скачиваемые
Статистика

Яндекс.Метрика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Loading...

Жас жұбайлар – жас отау


с. Шөмішбай Сариевтікі
ә. Кеңес Дүйсекеевтікі

Толқып тасқан теңіздей,
Аққулардың егізіндей,
Қос қанаты сияқты жас жұбайлар - жас отау.
Көктемнің қос бүріндей,
Жаңа ашылған гүліндей.

Той-той, тойларың,
Той-той, тойларың,
Оңды болсын талабың,
Құтты болсын қадамың.
Той-той, тойларың,
Той-той, тойларың,
Жас жұбайлар - жас отау,
Құтты болсын, тойларың.

Жайсаң жастық төрінен,
Ата дәстүр жолымен,
Ақ босаға аттаған жас жұбайлар - жас отау.
Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан.

Той-той, тойларың,
Той-той, тойларың,
Оңды болсын талабың,
Құтты болсын қадамың.
Той-той, тойларың,
Той-той, тойларың,
Жас жұбайлар - жас отау,
Құтты болсын, тойларың.

Прочитано: 1177

Всего 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Хостинг от uCoz | По поводу рекламы - skype: ferox09
Скачать казахскую музыку, қазақша әндер