Это интересно!
Loading...
Самые скачиваемые
Статистика

Яндекс.Метрика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Loading...

Жалғыз досым


с. К.Ахметова
ә. А.Баженова

Жалғыз досым алыстасың менен сен
Жалғызсырап түсті бүгін өлең-сел
Жас балаша қуанушы едім мен
Көздеріңнің шуағына бөленсем

Қинадым мен бірақ сендей кім ұқсын
Өзің ғана мейірбансың, тұнықсың
Өмір - ашшы, өне бойым
Өне бойым сыздайды
Өз жарасын жүрек қалай
Жүрек қалай ұмытсын

Ойлаймын мен, ой-мұң кейін шегінсе
Иығыңа басым қойып егілсем
Жұбатар ең, бір ақылды сөз тауып
Тіршілікке талпындырар едің сен

Қинадым мен бірақ сендей кім ұқсын
Өзің ғана мейірбансың, тұнықсың
Өмір - ашшы, өне бойым
Өне бойым сыздайды
Өз жарасын жүрек қалай
Жүрек қалай ұмытсын

Қинадым мен бірақ сендей кім ұқсын
Өзің ғана мейірбансың, тұнықсың
Өмір - ашшы, өне бойым
Өне бойым сыздайды
Өз жарасын жүрек қалай
Жүрек қалай ұмытсын

Қинадым мен бірақ сендей кім ұқсын
Өзің ғана мейірбансың, тұнықсың
Өмір - ашшы, өне бойым
Өне бойым сыздайды
Өз жарасын жүрек қалай
Жүрек қалай ұмытсын
Өз жарасын жүрек қалай
Жүрек қалай ұмытсын

Прочитано: 599

Всего 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Хостинг от uCoz | По поводу рекламы - skype: ferox09
Скачать казахскую музыку, қазақша әндер