Это интересно!
Loading...
Самые скачиваемые
Статистика

Яндекс.Метрика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Loading...

Қылпылдама


Қылпылдама, келінжан, қылпылдама
Ата-енеңнің үйінен құрт ұрлама
Жатып алып төсекте шаңқай түсте эй-хей
Күйеуіңе келін сен тұртұрлама
Күйеуіңе келін сен тұртұрлама

Қылпылдама, келінжан, қылпылдама
Өсек айтып біреуге сұңқылдама
Өз күйеуің өзгеден артық болсын эй-хей
Жан жарыңды жамандап жылтыңдама
Жан жарыңды жамандап жылтыңдама

Қылпылдама, келінжан, қылпылдама
Қылық іздеп ере берме қу қыздарға
Түзде сұлу, ал үйде күнде ауру эй-хей
Өтірік ауырып, келінжан, ыңқылдама
Өтірік ауырып, келінжан, ыңқылдама

Қылпылдама, келінжан, қылпылдама
Бәле іздеп көршіден тыңтыңдама
Алыстағы туыстан көрші жақын эй-хей
Жаман мінез танытып жыртыңдама
Жаман мінез танытып жыртыңдама

Таза болсын келіндер ақ жүрегің
Жылағанды жұбатып тапшы емін
Уығысың келіндер ұлтымыздың эй-хей
Жақсы бол деп бәріңе мен тіледім
Жақсы бол деп бәріңе мен тіледім

Прочитано: 725

Всего 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Хостинг от uCoz | По поводу рекламы - skype: ferox09
Скачать казахскую музыку, қазақша әндер