Это интересно!
Loading...
Самые скачиваемые
Статистика

Яндекс.Метрика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Loading...

Өткен күндер


С. И. Исаевтікі
ә. Т. Сарыбаевтікі

Өткен күндер - бақытың да,
Өткен күндер - уақытың да,
Сағыныш қой ол мәңгі.
Келер күндер - таң самалы,
Келер күндер ән салады,
Жалғап аппақ арманды.
Жайып жасыл желкенімді,
Балалығым - ертегімді,
Мәңгілік жырлап өтем ертеңімді.

Сағыныш жүректе от болып алаулайды,
Мәңгілік ғашық әнім сен бе?
Көңілім күн сайын алысқа алаңдайды,
Ертеңге асығамын мен де.

Атар таңың күлімдейді,
Өткен күнің білінбейді,
Ән салар дала тынбай.
Өткеннің сабақ бәрі,
Уақыттың парақтары,
Құстардың қанатындай.
Өткенге қарай ма адам,
Өзгерді талай ғалам,
Көктемгі бұлттардаймыз жел айдаған.

Сағыныш жүректе от болып алаулайды,
Мәңгілік ғашық әнім сен бе?
Көңілім күн сайын алысқа алаңдайды,
Ертеңге асығамын мен де.

Прочитано: 1003

Всего 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Хостинг от uCoz | По поводу рекламы - skype: ferox09
Скачать казахскую музыку, қазақша әндер