Это интересно!
Loading...
Самые скачиваемые
Статистика

Яндекс.Метрика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Loading...

Тойбастар


с.,ә. Е.Есетов

Ал кәнекей, жолдастар
Шық біреуің той басқар
"Той дегенде демей ме,
Домалайды қу бастар"

Бас-бас, басайық
Колхоз тойын жасайық
Сырнай тартып, би билеп
Аққан судай тасайық

Кел, достар
Кел, жастар
Күл де ойна
Жолдастар!

Бас-бас, басыңыз
Үлкен, кіші жасыңыз
Дос сүйініп, күйінсін
Көре алмаған қасыңыз

Әне жігіт, міне қыз
Келіндер де келіпсіз
Томсырайып отыру
Мұндай жерде келіссіз

Шырқа әнге шалықта
Би дегенде жалықпа
Өнеріңді аямай
Қызмет қыл халыққа

Бозбала
Қозғала
Қызмет қыл
Аз ғана

Ал, жігіттер, тебіңіз
Жеткенінше деміңіз
Қыздарға да қарап қой
Өкпе айтпасын теңіңіз

Кімдер әнші, кім биші
Домбырашы, кім күйші?
Әнді шырқа, биді теп
Домбыра тарт, күйді төк

Ән-күй ағылсын
Барабандар қағылсын
Қыз-бозбала гүл жайнап
Тойдың көркі табылсын

Уа, шіркін
Қыз-қырқын
Ойынымның
Бұзба ырқын

Тойымызда табысты
Жібермеңдер намысты
Айтыс қозғап ақының
Үдетіңдер шабысты

Прочитано: 3438

Всего 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Хостинг от uCoz | По поводу рекламы - skype: ferox09
Скачать казахскую музыку, қазақша әндер