Это интересно!
Loading...
Самые скачиваемые
Статистика

Яндекс.Метрика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Loading...

Сырымды айтам


с. Қ.Ыдырысов
ә. Ә.Бейсеуов

Қолжетпеген, бойжеткенім, қайдан маған кездестің?
Бұрын былай мазалаған жоқ еді ғой мені ешкім
Жарқылдаған жанарыңа жарқын әлем сыйғандай
Жалыныңа, жаным, жауап бере алатын емеспін

Қарағым-ау,
Қиыла қарадың-ау!
Жүрмін тәтті үмітпен
Қарама сен күдікпен
Шатастырып алма, жаным
Мені басқа жігітпен

Тостым ба әлде бір өзіңді талай қырдан асқанша
Үлкен жолда жолықпады жақсы жолдас, дос қанша
Дәл осылай жанбап едім, махаббатқа нанбап ем
Қызды сүйе білмеген жан болады екен жасқаншақ

Қарағым-ау,
Қиыла қарадың-ау!
Жүрмін тәтті үмітпен
Қарама сен күдікпен
Шатастырып алма, жаным
Мені басқа жігітпен

Мен осылай қызық жанмын, өзгелерден басқамын
Жігіт болып сүйем деп те жанға ауыз ашпадым
Қарындасым, қарлығашым, көктен түсіп келдің бе
Өзіңе арнап бүгін өзге бір әнімді бастадым

Қарағым-ау,
Қиыла қарадың-ау!
Жүрмін тәтті үмітпен
Қарама сен күдікпен
Шатастырып алма, жаным
Мені басқа жігітпен

Прочитано: 705

Всего 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Хостинг от uCoz | По поводу рекламы - skype: ferox09
Скачать казахскую музыку, қазақша әндер