Это интересно!
Loading...
Самые скачиваемые
Статистика

Яндекс.Метрика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Loading...

Сен болсаң


с. Қ.Аманжолов
ә. Қ.Көбентай

Сен болсаң нулы жердің қызыл гүлі
Болар ем Сақараның мен бұл-бұлы
Қонақтап гүл жанымда рахат тауып
Гүл құшып сайрар едім күні-түні

Сен болсаң жапандағы жалғыз терек
Кез болсам келе жатып менде ертерек
Жолаушы жалғыз жүрген жатар едім
Жапанда жапырағыңды көлеңкелеп

Сен болсаң кәусар сулы мөлдір бұлақ
Жарқырап жатсаң ағып таудан құлап
Суыңды шөлдеп келіп ішер едім
Маңыңда паналар ем мекен құрып

Сен болсаң жапандағы жалғыз терек
Кез болсам келе жатып менде ертерек
Жолаушы жалғыз жүрген жатар едім
Жапанда жапырағыңды көлеңкелеп

Сөзімді құп ал құрбым күлімсіреп
Мінекей саған арнап соқты жүрек
Кеудемде махаббаттың оты лаулап
Уыздай жас жүрегім тұр елжіреп

Сен болсаң жапандағы жалғыз терек
Кез болсам келе жатып менде ертерек
Жолаушы жалғыз жүрген жатар едім
Жапанда жапырағыңды көлеңкелеп

Сен болсаң жапандағы жалғыз терек
Кез болсам келе жатып менде ертерек
Жолаушы жалғыз жүрген жатар едім
Жапанда жапырағыңды көлеңкелеп

Прочитано: 671

Всего 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Хостинг от uCoz | По поводу рекламы - skype: ferox09
Скачать казахскую музыку, қазақша әндер