Это интересно!
Loading...
Самые скачиваемые
Статистика

Яндекс.Метрика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Loading...

Сөнбейді әже шырағың


с. М.Мақатаев
ә. Н.Тілендиев

Жарқырап екі көзің шамдай жанған
Күтуші ең жалғызыңды қан майданнан
Жалғанда күту деген қандай жаман
Ақыры қаза болдың сарғайғаннан

Сөнбейді, әже, ошағың
Өзіңді әнге қосамын
Жеті қат жердің астына
Жетпейді бірақ осы әнім

Қоштасып жалғызыңның хаттарымен
Сапарға оралмайтын аттанып ең
Жадырап жеңіс қанат қаққанында
Жалғызың кеп қалар деп шаттанып ең

Сөнбейді, әже, ошағың
Өзіңді әнге қосамын
Жалғызың келіп қалар деп
Өзіңдей мен де тосамын

Жалғызың оралмады, оралмады
Қиын ғой тірі жанның жоғалғаны
Бір жерде тірі болса жүрген шығар
Болса өлі өзіңменен болар мәңгі

Сөнбейді, әже, шырағың
Арналды саған бұл әнім
Сарқылмас сенің бұлағың
Сынған жоқ әлі шынарың

Отыз жыл содан бері таң атуда
Әлемге шұғыласын таратуда
Сағынып жалғызыңның салған әні
Аққудың аспанда ұшқан қанатында

Сөнбейді, әже, шырағың
Арналды саған бұл әнім
Бойыңда сенің тұмарың
Ұшырып жалғыз қыранын
Сөнбейді, әже, шырағың

Прочитано: 2539

Всего 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Хостинг от uCoz | По поводу рекламы - skype: ferox09
Скачать казахскую музыку, қазақша әндер