Loading...
Ой жайлау
Кененнің әні
Мен өзім әрі ақын, әрі батыр Қайда отыр, ақын қыздар, бермен шақыр, Ой жайлау-ай Ысқырып айдаһардай ақын келсе Мүдірмей қызыл тілім сайра да отыр, Ой жайлау-ай
Ақ бүрлен, қызыл бүрлен, бүрлен, бүрлен, Бүрленді арлайды жолын білген Қамшыны екі бүктеп қолға ұстап Қызығы бұл дүниенің ойнап-күлген, Ой жайлау-ай
Бір менен екі де бар үшке дейін Көтерші ақ тамақты иіскелейін, Ой жайлау-ай Мен сені өмірлікке жар етер ем Ұйқыны қоыр болсаң түске дейін, Ой жайлау-ай
Ақ бүрлен, қызыл бүрлен, бүрлен, бүрлен, Бүрленді арлайды жолын білген Қамшыны екі бүктеп қолға ұстап Қызығы бұл дүниенің ойнап-күлген, Ой жайлау-ай
Алатау біздің ауыл ашасында Белгісі жүйрік аттың шашасында, Ой жайлау-ай Менімен хат алысып, хат берісіп Бір күні уәделесіп қашасың ба, Жаз жайлау-ай
Ақ бүрлен, қызыл бүрлен, бүрлен, бүрлен, Бүрленді арлайды жолын білген Қамшыны екі бүктеп қолға ұстап Қызығы бұл дүниенің ойнап-күлген, Ой жайлау-ай
Прочитано: 1590
|