Это интересно!
Loading...
Самые скачиваемые
Статистика

Яндекс.Метрика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Loading...

Өмір, қымбатсың маған


с. Т. Молдағалиевтікі
ә. Ж. Заманбековтікі

Ақ шашты кейде атадан қорқам,
Өзім де сондай боламын-ау деп.
Мүрделер жатқан жотадан қорқам,
Бір күні сонда қаламын-ау деп.

Сықырлаған таяқтан қорқам,
Оны да қолға аламын-ау деп.
Тықылдаған сағаттан қорқам,
Бір күні тоқтап қаламын-ау деп.

Лап етіп өшкен сезімнен қорқам,
Түбіме бір күн жетесің-ау деп.
Күлімдеген көзімнен қорқам,
Оның да оты өшесің-ау деп.

Ақ жүзге түскен әжімнен қорқам,
Бетіме бір күн көшесің-ау деп.
Бәрінен кейде өзімнен қорқам,
Көп күнім бекер өтесің-ау деп.
Кетесің-ау деп.

Прочитано: 1182

Всего 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Хостинг от uCoz | По поводу рекламы - skype: ferox09
Скачать казахскую музыку, қазақша әндер