Это интересно!
Loading...
Самые скачиваемые
Статистика

Яндекс.Метрика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Loading...

Махаббат мәңгі


ә. А.Ыдырысовтікі
с. С.Мұхтаровтікі

Үйлену оңай, оңай,
Үй болу қиын.
Бұл өмір солай, солай
Тартады сыйын.
Нұр шашар көңіл, көңіл
Сәуледей таңғы.
Өтеді өмір, өмір, өмір
Махаббат мәңгі.

Біріңе бірің, бірің,
Болыңдар берік.
Туған жер гүлін
Өтіңдер жерін.
Тойларың тойға
Ұласып жатсын.
Алдыңнан арман
Таң болып атсын!

Бақытқа алдан, алдан,
Жетіңдер тосқан.
Бір тәтті арман, арман,
Сендерді қосқан.
Қос аққу, қаздай, қаздай
Қоныңдар көлге.
Жұбыңды жазбай, жазбай, жазбай,
Ұшыңдар бірге.

Біріңе бірің, бірің,
Болыңдар берік.
Туған жер гүлін
Өтіңдер жерін.
Тойларың тойға
Ұласып жатсын.
Алдыңнан арман
Таң болып атсын!

Аялап жүрек, жүрек,
Аймалар көзің.
Сүйгенді тілеп, тілеп,
Таусылар төзім.
Бәрі де бекер, бекер,
Болмаса сезім.
Бір дәурен екен, екен, екен,
Шын сүйген кезің.

Біріңе бірің, бірің,
Болыңдар берік.
Туған жер гүлін
Өтіңдер жерін.
Тойларың тойға
Ұласып жатсын.
Алдыңнан арман
Таң болып атсын!

Прочитано: 679

Всего 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Хостинг от uCoz | По поводу рекламы - skype: ferox09
Скачать казахскую музыку, қазақша әндер