Loading...
Ұлыма
Сен - сенгенім, сенсіз жерге түседі еңсем менің Қапияда көз жазып қалам ба деп Көтере алмай еңсемді кемсеңдедім Күнім менің, сенен жақын бар еді кімім менің? Сен от басып қалар деп ойда жоқта Көрсең еді жүрегім тілінгенін Тілінгенін, ей, жалғыз ұлым менің!
Құлагерім, бар бақытым өзіңсің, сірә, менің Бір тілеуін әкеңнін берер болса Саған ғана амандық сұрар едім Күнім менің, сенен жақын бар еді кімім менің? Сен от басып қалар деп ойда жоқта Көрсең еді жүрегім тілінгенін Тілінгенін, ей, жалғыз ұлым менің!
Мұрагерім, ақ жүзіңді семсер ғып сынап едім Ақ пен қара айқасқан бұл өмірде Жыға көрме туымды мына менің Күнім менің, сенен басқа бар еді кімім менің? Сен от басып қалар деп ойда жоқта Көрсең еді жүрегім тілінгенін Тілінгенін, ей, жалғыз ұлым менің!
Прочитано: 1956
|