Это интересно!
Loading...
Самые скачиваемые
Статистика

Яндекс.Метрика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Loading...

Үлкен Ардақ


Әсеттің әні

Қыз қайда Ардақ жандай туған айдай
Күлім көз, оймақ ауыз, ақша маңдай

Сағындым еркем
Ах, ах-ау, сені-ау!

Сөйлесе сөзі майда, лебі жылы
Жанымның сүйінші бұлбұл таңдай

Сағындым еркем
Ах, ах-ау, сені-ау!
Сені-ау, Ардағым
Шақырғанда бармадым!
Болмас еді-ау, арманым
Болса өзіңдей алғаным!

Ардақжан, сен ақ сұнқар бақшадағы
Біреудің мәпелеген ақ тамағы

Сағындым еркем
Ах, ах-ау, сені-ау!

Ерке өскен ел ішінде ерке сәулем
Секілді айдын көлдің ақ шабағы

Сағындым еркем
Ах, ах-ау, сені-ау!
Сені-ау, Ардағым
Шақырғанда бармадым!
Емін-еркін сөйлесіп
Тарқарма еді-ау, арманым!

Прочитано: 820

Всего 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Хостинг от uCoz | По поводу рекламы - skype: ferox09
Скачать казахскую музыку, қазақша әндер