Это интересно!
Loading...
Самые скачиваемые
Статистика

Яндекс.Метрика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Loading...

Кел, достар


ә. Бақытжан Байқадамовтікі
с. Нұтфолла Шәкеновтікі

Алмалы Алатау асқарынан,
Келеміз көңілді ән шырқап.
Күн сүйген қазақтың жастарынан,
Сәлем ал, жалынды жас ұрпақ!

Өмір таңын,
Шаттық әнін
Шырқаңдар әлемге, кел, жастар!
Махаббатпен,
Салтанатпен
Адымда, алға бас, жолдастар!

Кең пейіл Отанда қарсы аламыз,
Бақыт құс қонсын деп әр елге.
Біз жастар жаңғыртып жар саламыз,
Бейбіт күн болсын деп әлемді!

Өмір таңын,
Шаттық әнін
Шырқаңдар әлемге, кел, жастар!
Махаббатпен,
Салтанатпен
Адымда, алға бас, жолдастар!

Жүректің толқынын қостық бүгін,
Көтеріп бейбітшіл ұранды.
Ешбір жан ұмытпас достық үнін,
Ешбір күш тоқтатпас бұл әнді!

Өмір таңын,
Шаттық әнін
Шырқаңдар әлемге, кел, жастар!
Махаббатпен,
Салтанатпен
Адымда, алға бас, жолдастар!

Прочитано: 1304

Всего 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Хостинг от uCoz | По поводу рекламы - skype: ferox09
Скачать казахскую музыку, қазақша әндер