Это интересно!
Loading...
Самые скачиваемые
Статистика

Яндекс.Метрика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Loading...

Кең жазира, туған жер


ә. Жоламан Тұрсынбаевтікі
с. Сағи Жиенбаевтікі

Кең жазира көгілдір далам менің, дариға-ай,
Өзіңсің ғой сағынсам, оу, шіркін-ай, барар жерім,
Армандарға жетлер көңіл-сағым,
Қолтығымнан сүйейді, оу, туған жер, туған жер, самал желің.

Туған жер,
Дарқан ел.
Бақытымсың,
Ақылымсың.

Таныс маған даламның әр дыбысы.
Көл сыбдыры, жел шуы, ой, шіркін-ай, тау күлкісі.
Сен сияқты менің де бар бойымда,
Жусан иісі, гүл иісі, оу, туған жер, туған жер, дәннің иісі.

Туған жер,
Дарқан ел.
Бақытымсың,
Ақылымсың.

Сен тұрғанда осылай күйге балқып, дариға-ай,
Ақ төсіңде жұпарлы, оу, шіркін-ай, гүлдер аңқып.
Жан күйіңді шырқаймын қоңыр сазды,
Аспанымда қалықта, оу, туған жер, туған жер, әнім қалқып.

Туған жер,
Дарқан ел.
Бақытымсың,
Ақылымсың.

Прочитано: 655

Всего 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Хостинг от uCoz | По поводу рекламы - skype: ferox09
Скачать казахскую музыку, қазақша әндер