Это интересно!
Loading...
Самые скачиваемые
Статистика

Яндекс.Метрика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Loading...

Іздеймін сені


с. Ж. Ермановтікі
ә. А. Райымқұлованікі

Ашылмай қалды-ау көңілден сағым мұнарым,
Басылмай қалды-ау белгісіз жанға құмарым.
Іздеумен бейне жүргендей мені жер, көктен,
Жолымды тосып жолығар сол бір сыңарым.

Бітер ме екен, бітер ме екен бұл әурем,
Келемін сені кездескен жаннан сұраумен.
Азайып үміт, қалыңдап күдік,
Қалыңдап бірге самайға түскен қыраумен.

Іздеумен келем, шықпады хабар-дерегің,
Елесім болдың, еліктеп, саған еремін.
Күтпеген жерден кездесіп қалар секілді,
Жолыққан жанға жаутаңдап қарай беремін.

Бітер ме екен, бітер ме екен бұл әурем,
Келемін сені кездескен жаннан сұраумен.
Азайып үміт, қалыңдап күдік,
Қалыңдап бірге самайға түскен қыраумен.

Прочитано: 565

Всего 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Хостинг от uCoz | По поводу рекламы - skype: ferox09
Скачать казахскую музыку, қазақша әндер