Это интересно!
Loading...
Самые скачиваемые
Статистика

Яндекс.Метрика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Loading...

Интернационал


Аударғандар: Қ. Жармағамбетов, Ғ. Орманов, С. Мәуленов, Қ. Тоғұзақов

Аттан, азап шегіп жаншылған,
Әлемнің құл мен аштары!
Кекпен ой-санамыз ашынған,
Дайын тұр майдан ашқалы.
Талқандап зорлықшыл жалғанды,
Жасаймыз жаңа дүние.
Теңейміз тепкіде қалғанды,
Әлемге болмақ сол ие.

Бұл біздің ең ақырғы
Зор майдан ғаламат.
Интернационалмен
Өркендер адамзат!

Азаттық бізге ешкім бермес,
Құдай да, патша, батыр да.
Бостандық бізге өзі келмес –
Аламыз жеңіп ақырда.
Күшпен құртам десең зорлықты,
Есеңді алам десең тек.
Аянбай қатты бас көрікті,
Темірді қызған кезде соқ!

Бұл біздің ең ақырғы
Зор майдан ғаламат.
Интернационалмен
Өркендер адамзат!

Біздер армиясы еңбектің,
Тұтасқан күллі тарапта.
Жерді билеудің тек бізде еркі,
Орын жоқ – арамтамаққа!
Ал егер ұлы күн күркіреп,
Жай түссе жауыз жендетке.
Сәулесін бізге тек түсірмек,
Жарқырап нұрлы күн көкте.

Бұл біздің ең ақырғы
Зор майдан ғаламат.
Интернационалмен
Өркендер адамзат!

Прочитано: 861

Всего 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Хостинг от uCoz | По поводу рекламы - skype: ferox09
Скачать казахскую музыку, қазақша әндер