Loading...
Әнші құрбыма
с. Шөмішбай Сариевтікі, ә. Тұяқ Шамеловтікі
Даусың қандай сырлы еді, Сазға тұнған жүрегің. Көркің қандай нұрлы еді, Сұлу қандай гүл едің.
Әнші құрбым, Салшы, құрбым, әніңе. Ән ғой өмір сәні де.
Әдептен де озбайтын, Даусыңда әсем діріл бар. Жан-жүректі қозғайтын, Сиқыр, тәтті үнің бал.
Әнші құрбым, Салшы, құрбым, әніңе. Ән ғой өмір сәні де.
Оятқандай көңілді, Шырқап әсем әніңді. Толқыта бер, бұл өмірді, Тербете бер, жанымды.
Әнші құрбым, Салшы, құрбым, әніңе. Ән ғой өмір сәні де.
Прочитано: 692
|