Онлайн всего: 1 Гостей: 1 Пользователей: 0
|
Loading...
Екі ғашық (рэп-баллада)
Ғашық еді бір жігіт бір аруға Жалықпады суретіне ол қарауға. Айталмады, сүйемін деп айталмады Көзіне де қарауға ол баталмады. Ұялып жігіт армандаумен айлар өтті Армандаумен өткен түндер өтті кетті. Сезім шіркін ол жігітті аямады Ғашық қылды жағдайына қарамады. Ал қыз болса ғажап сұлу, байдың қызы Бай қыздардың ішіндегі ақылдысы. Ол баланың ғашықтығын сезіп жүрді Сезіп жүрді, өзі айтар деп сеніп жүрді Шыдамады махаббаттан жүрек деген Қызға арнап сүйемін деп жазды өлең. Берді хатты ең сенімді жолдасына «Алып бар» – деп – «Білсін бәрін жаным сүйген!» Хатты оқып, қыз мұңайып тұрып қалды «Не істеймін»- деп, құрбысына жылап салды. Қыздада бір, ол жігітке сезім болды Екі көзі бұл арудың жасқа толды.
Ғашық еді бір көргеннен Хатты жазған сол жігітке Амал қанша жылағанмен Бола алмайды шын сүйгенмен.
Ағалары жақтырмайтын ол баланы Жақтырарма бай баласы кедей жанды. Қыз да оған түсіндіріп хат жіберді Жан жолдасы ғашық жанға хатты берді. Сонда жігіт сүйген қыздың үйіне барды Жанынан артық сүйетінін айтып салды. Бірге болды сол күннен қыз бен жігіт Қарсы тұрып қиындыққа, бәрін жеңіп. Көп уақытқа созылмайды бақыт деген Құда түсті ару қызға байдың теңі. Естіп жігіт құшағына қызды алды «Бермеймін ешкімге!»- деп айқай салды!
«Алып кетем өзімменен жаным сені, Тірі жүрсем алалмайды сені!»- деді. Жігіт қызды ауылына алып қашты Бұны естіп қыз әкесі әбден састы. «Керек емес мұндай қызым құрсын көзі Жігітінде өлтіремін!»- айтқан сөзі.
Екі ғашық қол ұстасып Ауылына кетті бірге. Неге тағдыр әділетсіз Шын ғашыққа бұл өмірде?
Іздеп тауып ауылынан сол жігітті Ұстап алып соққыға әбден жықты. «Қайда қызым тауып бер, не өлесің! Тауып берсең ақшаға сен көмілесіңІ» Әрине үндемеді жігіт бірақ Айтпады ол қайда екенін жылап, шыдап! Қыз әкесі болмаған соң, пышақ алды Жүрегіне дәл жігіттің соғып салды! Байғұс жігіт өле беріп айтты оған «Сенің қызың екі қабат менен болған!» Жұмылды-ау жігіт көзі мөлдіреген Әке көзі жасқа толды мұны естіген. Бес жыл, бір ай сол күннен міне бүгін Қыз әкесі түрмеде бес жыл, үш күн. Жалғыз қызын таба алмады ағалары Аралап қанша жерді қалаларды.
Екі ғашық қол ұстасып Ауылына кетті бірге. Неге тағдыр әділетсіз Шын ғашыққа бұл өмірде?
Кішкене бір мазараттың басында Келіншек отыр ескерткіштің қасында. Сол баяғы сағынып ол ғашығын Жылап отыр баласынан жасырын.
Шын ғашықтар қосылмайды деген сөз Рас екен ғой, міне енді жетті көз!!!
Прочитано: 940
|
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
Хостинг от uCoz | По поводу рекламы - skype: ferox09
Скачать казахскую музыку, қазақша әндер
|