Loading...
Қазағымның күйлері-ай
с.Шөмішбай Сариев ә.Кеңес Дүйсекеев
Сағынышты жүрегімнің назындай, Қырдың әсем қалқып ұшқан қазындай, Сырлы әсем Сырдария сазындай, Аңыраған аққулардың мұңындай, Анасынан айрылған құлындайғ Алатаудың аппақ ойлы шыңындай, Қазағымның, Қазағымның күйлері-ай!
Жеті өзенді Жетісудай салалы, Сарыарқаның самалындай самалы, Дүрілдетіп тебіренткен даланы, Бабамыздың күніренген зарындай, Жайығымның жайлап аққан жанындай, Даламыздың қайнап аққан қанындай, Қазағымның, Қазағымның күйлері-ай!
Сексеуілдей қатып-семген сенімдей, Бедірейген Бетпақдала шөліндей, Бала жанар Балқашымның көліндей, Қонағымдай келіп қалған күтінбей, Жүректерден жаратылған бүтіндей, Анамыздың уыз дәмді сүтіндей, Қазағымның, Қазағымның күйлері-ай!
Сай-сүйекті сырқыратқан төзімдей, Қайта оралмас махаббаттың көзіндей, Қайталанбас қимас асыл сезімдей, Толқытады теңіз, мұхит тасқандай, Алдымыздан арман – елік қашқандай, Құпиясы шексіз-тылсым аспандай, Қазағымның, Қазағымның күйлері-ай!
Қатты мұңы – көктен түскен жасындай Сырлы мұңы – таудың тілсіз тасындай, Ащы мұңы – көздің кермек жасындай, Қасіретті қос ішектен құйылған, Күмбірлесе күллі дүние ұйыған, Тәңіріме сыйынғандай сыйынам, Қазағымның, Қазағымның күйлері-ай!
Прочитано: 537
|