Это интересно!
Loading...
Самые скачиваемые
Статистика

Яндекс.Метрика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Loading...

Айым бекен-ай


халық әні

Алдыңдағы ақ тісің маржан тісің
Мұндай душар боларма-ай
Сүйген кісің
Сүйген кісің сүйкеніп өте шықса
Қатты оқ жаққан қазандай
Қайнайды ішің

Айым бекен-ай, күнім секен-ай
Өзі сұлу, өзі жас кімнің жары екен-ай
Айым бекен-ай, күнім секен-ай
Өзі сұлу, өзі жас кімнің жары екен-ай

Бұл белестің түлкісі қызыл түлкі
Жалықтырмас адамды-ай ойын-күлкі
Ойда тұрып биікке қол сермеймін
Көңіл шіркін болсын деп көтеріңкі

Айым бекен-ай, күнім секен-ай
Өзі сұлу, өзі жас кімнің жары екен-ай
Айым бекен-ай, күнім секен-ай
Өзі сұлу, өзі жас кімнің жары екен-ай

Айналайын көзіңнен күліп тұрған
Бар жағдайды айтқызбай біліп тұрған
Бұл жалғанда жігітте арман болмас
Дәл өзіңмен бір алла-ай жолықтырған

Айым бекен-ай, күнім секен-ай
Өзі сұлу, өзі жас кімнің жары екен-ай
Айым бекен-ай, күнім секен-ай
Өзі сұлу, өзі жас кімнің жары екен-ай

Айым бекен-ай, күнім секен-ай
Өзі сұлу, өзі жас кімнің жары екен-ай
Айым бекен-ай, күнім секен-ай
Өзі сұлу, өзі жас кімнің жары екен-ай

Прочитано: 1938

Всего 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Хостинг от uCoz | По поводу рекламы - skype: ferox09
Скачать казахскую музыку, қазақша әндер