Это интересно!
Loading...
Самые скачиваемые
Статистика

Яндекс.Метрика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Loading...

Ақ гүлім


с. Т.Молдағалиев
ә. Ә.Бейсеуов

Балалық, қызық дәурен қайда қашқан
Төбеде тұрып еді жайнап аспан
Жұлдызды таң атқанша санаушы едік
Санына жетпейміз деп ойламастан

Армандай бала құрбым
Қасымда бірге жүрдің, аяулым сенсің
Қайда кеттің, қайдасың
Қайда кеттің, қайдасың
Шаттығым менің, ақ гүлім менің
Сағындым сені мен

Ерке едің, еркелеген бұлбұлым ең
Талай ән көкірегімнен, тудырып ең
Ойлаппыз бірге жүре береміз деп
Қоштасам демеппін-ау бір күні мен

Армандай бала құрбым
Қасымда бірге жүрдің, аяулым сенсің
Қайда кеттің, қайдасың
Қайда кеттің, қайдасың
Шаттығым менің, ақ гүлім менің
Сағындым сені мен

Құспысың, абайсызда қолдан ұшқан
Хаттарың келетұғын болды алыстан
Жеткендей құлағыма сенің даусың
Оянып кетем ылғи сол дауыстан!

Армандай бала құрбым
Қасымда бірге жүрдің, аяулым сенсің
Қайда кеттің, қайдасың
Қайда кеттің, қайдасың
Шаттығым менің, ақ гүлім менің
Сағындым сені мен

Прочитано: 657

Всего 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Хостинг от uCoz | По поводу рекламы - skype: ferox09
Скачать казахскую музыку, қазақша әндер