Это интересно!
Loading...
Самые скачиваемые
Статистика

Яндекс.Метрика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Loading...

Ақ ерке


ә. Дүйсен Нұрпейістікі
с. Амантай Есілбайдікі
орынд. Ералы Момышев пен Әсет Молдыбаев

Шайқалған жоқ әзірге менің кемем,
Толқиды тербетсе де теңіз терең.
Өмірдің ащысын да, тәттісін де,
Аяулым өзіңменен бірге көрем.

Жол бермей қайғы-мұңға,
Бөлендік шуақ-нұрға.
Өзіңмен жолықтырған,
Ризамын тағдырыма.

Жарқыра жұлдыз болып, ай болайын,
Жырлайын, аймалайын, толғанайын.
Мен үшін жүретұғын жан ұшырып,
Ақ ерке, пейіліңнен айналайын.

Жол бермей қайғы-мұңға,
Бөлендік шуақ-нұрға.
Өзіңмен жолықтырған,
Ризамын тағдырыма.

Еркелеп ерке өскен елігім ең,
Ән болып көкейімнен төгілдің сен.
Өрілген сұлулығы өн бойында,
Көгілдір аққуымсың, жаны көркем.

Жол бермей қайғы-мұңға,
Бөлендік шуақ-нұрға.
Өзіңмен жолықтырған,
Ризамын тағдырыма.

Прочитано: 541

Всего 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Хостинг от uCoz | По поводу рекламы - skype: ferox09
Скачать казахскую музыку, қазақша әндер